Юрий Шатуновтың әнін қазақшаға аударған Қайрат Нұртастың әкесі желіні шулатты

Қайрат Нұртастың әкесі марқұм Юрий Шатуновтың әніне көз салды. Ол ресейлік әншінің «Грезы» атты туындысын қазақшаға аударып алды, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі Kznews сайтына сілтеме жасап. 

Юрий Шатуновтың әнін қазақшаға аударған Қайрат Нұртастың әкесі желіні шулатты
Фото: ашық дереккөзі

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Нұртас Айдарбеков біраздан бері Шатуновтың аталған әнін ұнатып жүрген. Ол жуырда туындының қазақша нұсқасын елге ұсынуы мүмкін. Нұртас мырза әнге қазақша сөз жаздырып үлгерген. Қазіргі уақытта қызу дайындық үстінде.

«Нүрекең Юрий Шатуновтың осы әнін тыңдап, біраздан бері ыңылдап қоймаушы еді, енді қазақшалап жаздырмай тынбайды-ау. Дайындығы қалай кетті?» — деп жазды Айдарбекова.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бір топ Шатуновты қайталаудың керегі жоқ екенін айтса, ендігі топ Айдарбековке мақтау сөздерін жаудырған.