"Мөлдір Әуелбекова жол апатынан қайтыс болды": желіде суық хабар тарады (ФОТО)

Әлеуметтік желіде белгілі әнші Мөлдір Әуелбекованың "қайтыс болғаны" жөнінде ақпарат тарады.

"Мөлдір Әуелбекова жол апатынан қайтыс болды": желіде суық хабар тарады (ФОТО)
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі ол ақпараттың жалған екенін айтып, уайымдаған оқырмандарына жазба арнады, деп хабарлайды paryz.kz caravan.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Бүгін күні бойы мені уайымдап, хабарласып жатқандарыңызға рахмет. Аллаға шүкір, тірімін! Осындай жалған ақпарат таратқандарға дауа жоқ!  Аллаға шүкір аман-сау, той тойлатып жүрмін", - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Еске салсақ, танымал тұлғаларға қатысты мұндай жалған ақпараттар өзге де әншілерге қатысты  тараған болатын.