Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының қазіргі командасы тағы да қазнеттің қызу талқысында. Бүгінде "Бір болайық" деп аталатын бұл жобаға қатысатын жігітке әйел адамның кейпіндегі еркек үміткер ретінде келген, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіні дүрліктірген бейнежазбаға зер салсақ, Сәкен есімді қатысушыға ер адамның дауысына ұқсас үміткер танысуға келген. Ерекше болмыстағы адам кәдімгі қыз баланың көйлегін киіп, шашын да өсірген. Ғаламтордағы ең танымал парақшада бұл адамның транссексуал екені айтылған.
Сәкенге транс үміткер болып келді. Бір қарағанда еркек екені байқалмайды, иә — деп жазылған Qaz.stars парақшасында.
Бұл бейнежазбаны көрген көпшілік бірден бағдарлама ұжымын сынға алып, телернаны жабу керектігін талап етуде.
"Адам таппаған соң транс қалды ма?", "Тамағында түйін тұр, ер адам сияқты", "Әдемі транс екен", "Алла сақтасын. Еркекке еркек келіп, азғындық қой", "Мына телеарнаны жабу керек. Келер ұрпаққа не өнеге?" — деп ашуланды желідегі жұрт.
Атышулы жобаның ұжымы ерекше үміткердің жынысы жайлы әзірге ешқандай ақпарат бермеген.