Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіге қызы Мереймен бірге өткізген қуанышты сәттерін жиі жүктейді. Бұл жолы Халық әртісі демалыста жүрген видеосын жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті.
Бұл туралы paryz.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Анасы мен қызының ән салып, шаттанып тұрған сәтін көрген жұрт екеуінің татуласқанына қуанды.
"Қызыңыз кешірді ме, бәрі жақсы ма?" – деп сұрады оқырмандардың бірі. Оған Халық әртісі:
"Шүкір Аллаға, "бәрібір менің анам да, әкем де сіздер боласыздар" деді. Бір жасап қалдым. Қыз кетіп қалса, маған оңай болмас еді, әрине", – деп жауап берді.