Актриса Динара Бақтыбаева екінші қызын дүниеге әкелді

Қазақстандық актриса Динара Бақтыбаева екінші қызын дүниеге әкелді. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады paryz.kz ақпараттық агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Актриса Динара Бақтыбаева екінші қызын дүниеге әкелді
Фото: ашық дереккөзі

"Перзентханаға сағат 7.50-де келдік, сағат 8.10-да босандым. Көлікте босанып қалмағаныма рақмет", – деп жазды актриса Instagram-дағы Storiz бөлімінде босанғаннан кейінгі алғашқы суретін жариялап.

Желі қолданушылары Динара Бақтыбаеваға жылы лебізін білдіруде.

Актриса да ізгі тілегін айтып, құттықтап жатқандарға алғысын білдірді. Динара Бақтыбаеваның екінші қызын дүниеге әкелген сәті.

Айта кетейік, сәуір айының соңында өнер иесі екінші баласына аяғы ауыр екенін айтқан болатын. Кейінірек актриса құрсағындағы сәбидің қыз бала екенін мәлім етті.