Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"18 жасар қызға үйленді!" Қарақат Қыдырәліге тұрмысқа шыққан кезін еске алды

Осыдан тура 23 жыл бұрын Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина отау құрған. Танымал жұп дүбірлі тойдағы ерекше естеліктерін көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

"18 жасар қызға үйленді!" Қарақат Қыдырәліге тұрмысқа шыққан кезін еске алды
Фото: коллаж

Қарақат пен Қыдырәлі 1999 жылы 20 тамызда шаңырақ көтерген. Ол кезде атақты "АБК" тобының дүрілдеп тұрған шағы болса, ал Әбілдина консерваторияның студенті еді. Қарақат ақ босаға аттап, келін атанған сәттегі қызықтарын әлеуметтік желідегі жұртқа баяндап берген.

"Қыдекеммен 4 жыл танысып жүріп, төртінші жылда шаңырақ көтердік. "Оқуымды аяқтамай тұрмысқа шықпаймын" дедім. "Уайымдама, оқуыңды аяқтайсың. Бәрі жақсы болады" деп уәде берді. Уәдесінде тұрды. 21 жасымда, 4 курсқа көшкен кезде тұрмысқа шықтым. Пресса, жаңалықтар : "Қыдырәлі 18 жасар қызға үйленді" деп шулатты. Түрім бөпе көрінген ғой. Қыдекеңнен интервью алып, аяғымның размерін сұрағанда, өзінікі 40 болған соң менікін шамамен 39 шығар деп ұрып жіберген ғой. Сөйтіп жасымды да аяғымның размері сияқты шатастырып, жарыса жазғаны есімде. Ал қыздың аяғы 37 размер ғана еді. Бүгін қайдағы-жайдағы еске түсіп сол... Қызықтың бір шетінен сіздермен бөлісіп отырмын, жақсы адамдарым", — деп жазды Қарақат Әбілдина.

Көп ұзамай отағасы да Instagram-дағы оқырмандарына дүбірлі тойдағы естелігімен бөлісті. Қыдырәлінің айтуынша, алғашқыда Қарақатты шәкірті ретінде шоу-бизнеске баптап, өрімдей жас қызға қарындасым деп қараған. Кейін екі жастың ортасында сезім оянып, соңында неке сарайынан бір-ақ шығыпты.

"1999 жылы 20 тамыз күні Алла қосқан аяулыммен орталық мешітте ақ некемізді қидырды. Мешіттегі жүрекжарды тілегім: "Өзің қостың Алла, енді ешқашан ажыратпа" деп сыбырлағаным есімде. Неке қиған күнге дейін 4 жыл қыз-жігіттей емес, ағалы-қарындасты сияқты бірге ертіп жүрдім. Шәкіртіңнің талантты болғаны бір бақыт, үмітіңді ақтағаны екі бақыт. Бақыт көп болмайды! Алла ұлтыма қызмет ету, бала-шаға сүю бақытын нәсіп етті. Тілегім — әр перзентіміздің бақытын бірге көру", — деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Сондай-ақ, күні кеше Болманов келіншегіне бір құшақ раушан гүлін сыйлаған және "біздің тойда бола алмай қалған қадірлі қонақтар" деп, ұл-қыздарына жар-жар айтып беріпті. Аталған жанұялық видео көптің жүрегін елжіретті.