Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Кәмшат Жолдыбаева – 6 млн, Заттыбек – 100 мың теңге": Журналист әншілерге миллиондап төлейтін әкім жайлы айтты

Журналист Ербол Мәндібек Қызылорда облысы әкімінің әншілерге қанша ақша төлейтіні жайлы болжап жазыпты. 

"Кәмшат Жолдыбаева – 6 млн, Заттыбек – 100 мың теңге": Журналист әншілерге миллиондап төлейтін әкім жайлы айтты
Фото: коллаж

Бұл туралы paryz.kz Caravan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Қызылорда облысы ең көп ақша төлейтін әншілердің тізімі.

1.Кәмшат Жолдыбаева (4-6 млн)
2. Ерке Есмахан (3-5 миллион)
3. Мәдина Сәдуақас (3-4 миллион)
4. Заттыбек Көпбосын (100 мың теңге)
5. Асан Пердешев (70-80 мың теңге)
6. Қайрат Нұртас (7-8 миллион)
7. МузАрт (6-7 миллион)
8. Мейрамбек жалғыз өзі (5-6 миллион)
9. Сәкен жалғыз өзі (5-6 миллион)
10. Кәмшат Жолдыбаеваны екінші рет шақырса (8-9 миллион)
11. Ерке Есмаханды екінші рет шақырса демеуші тіпті қиналып қалады.

Осы тізімдегі әншілер биыл Қызылордаға неше рет келіп кетті? Күні кеше құрылысшылар күніне орай тағы бір концерт өтіпті. Әкімдіктегілер "біз бір тиын шығарған жоқпыз, барлық шығынды демеушілер төледі"- депті.

Жаңа оқу жылына балаларына киімге ақша жеткізе алмай отырған Қызылорда жұртына мынандай сұрақ: Қызылордаға келген әншілерге жиі-жиі миллиондап ақша төлейтін демеушілер кімдер болуы мүмкін? Болжамды аты-жөндерін білесіздер ма?

Қызылорда Облысының Әкімдігі мынандай қиын заманда демеушінің есебінен қайта-қайта концерт өткізген дұрыс па? Себебі, демеуші де халыққа жалақы төлеп отырған бизнес субьекті. Әртістерге миллиондап ақша төлеп жүрген демеушілердің аты-жөнін халықтың назарына ашық айтыңыздар, деп жазды журналист.

Ескерте кететін жайт: Ербол Мәндібек әртістердің өнерақысы туралы тізімдегі есеп болжамды жасалғанын және оның аз немесе көп болуы да мүмкін екенін айтты.

Еске салсақ, жуырда Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың ұлы үйленіп, тойныа 113 млн теңге жұмсалғаны жайлы ақпарат тараған болатын.