"Әкесі кім?" "Аппақ келін" өзінің екіқабат екенін жария етті

"Аппақ келін" веб-сериалында басты кейіпкер - Лияны сомдаған Фатима Кулибали желіге ерекше сурет жариялады, деп хабарлайды paryz.kz Экспресс K-басылымына сілтеме жасап. 

"Әкесі кім?" "Аппақ келін" өзінің екіқабат екенін жария етті
фото: SSM

Фатима өзінің аяғы ауыр екенін жасырмайды. Суретті актрисаның өзі Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда басына орамал таққан актрисаның ішінің шардиып шығып тұрғанын байқауға болады.

Аяғы ауыр Кулибалиды желіде қолдайтындар да, сөгетіндер де табылды. Бірі актрисаны үйде отырып жүкті болды деп айып тақса, енді бірі оған ана бақытын тіледі. Баланың әкесі веб-сериалда басты рөлді сомдаған белгілі актер Абай Асылханұлы деп топшылағандар да аз болмады.

"Лия екі қабатсың ба? Әкесі кім?", "Лиямен бірге ойнайтын қазақ жігіті шығар", "Ана бақытын тілейміз", "Кімнен туса өзі біледі, біреудің өмірінде нелерің бар?", — деп жазды желі қолданушылары.