Блогер Дархан Жолшыбеков мектептегі оқушылардың жыныстық қатынаспен айналысатындары туралы айтты.
Бұл туралы ол "НТК" арнасының "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді,
"Жыныстық қатынас мектепте бар, ол минимум 60, 70 пайыз. Менің кезімде одан аз болған. Мен көп қала аралаймын, көптеген адамдармен араласамын. Көп көремін деп айта аламын. Мұндай тақырыпты ашып айту мен үшін қиын болып тұр. Бірақ, бар ма барды бар етіп айтайын", - деді блогер.