Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Лос-Анджелестің өнер музейіне қазақ қызы салған сурет қойылды

Қазақстандық суретші Сәуле Дүйсенбинаның «Objective ornament II» атты туындысын Лос-Анджелестің LACMA атты өнер музейі арнайы сатып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Лос-Анджелестің өнер музейіне қазақ қызы салған сурет қойылды
Baq.kz

«Айқын» газетінің жазуынша, ол картина ХVIII ғасырда өмір сүрген испан суретшісі Франсиско Гойяның туындысына ұқсас. Сурет 2018 салынып, онда параллельді әлем мен қазақтың ұлттық бас киімі арқылы біздің қазіргі өміріміз бейнеленген.

Мен өзім Америкада галерияда жұмыс істеймін. Биылғы жылдың көктемінде Нью-Йоркте ортаазиялық бірнеше суретшінің топтық көрмесі өтті. Оның ішінде Қазақстаннан менің туындыларым, сонымен қатар, Өзбекстан мен Қырғызстан суретшілерінің еңбегі болды. Көрмені саланың кәсіби мамандарымен қатар, өнерге қызығушылар тамашалады, менің жұмысым көрмеден соң сатылды. Өзім кәсіби суретшімін және бұл салада біраз жыл еңбектеніп келемін. Негізгі тақырыбым – кескіндеме, графика және аннимация. Жұмыс барысында барлық заманауи техника мен технологиялар мүмкіндігін қолданамын, - дейді С. Дүйсенбина.

Автордың айтуынша, Лос-Анджелестің өнер музейі сатып алған картина бұған дейін Қазақстанда көрмеге қойылған.

«Ұлы даланың тарихы» атты көшпелі көрменің аясында бұл туынды Шымкент, Тараз және Талдықорған қалаларында көпшіліктің назарына ұсынылды. Талдықорғанда өткен көрме кезінде жұмысқа қарсы болып, оны көрмеден алып тастауды сұрағандар болды. Оның себебі, қазақтың ұлттық бас киімін киген қыздың аяғының ашық болуы. Яғни, «қазақтың бас киімін қорлады» деген желеу. Содан соң маған туындымның көздеген мағынасын түсіндіруіме тура келді. Нәтижесінде, картина көрменің соңына дейін тұрды, – дейді ол.