"Қаш, ұрғашы". Блогердің әні желіде сынға ұшырады

Желіде қызу талқыға түсіп жүрген блогер Салтанат Urgashy атты ән жазған. Блогердің бұл әні де сыналып жатыр, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Wws production YouTube-арнасында жарияланған видео 71 мыңнан аса қаралым жинаған. 

Желі қолданушылары әншіні сынап тастады:

"Ұйқым келмейді әні жақсы екен мынаның қасында", "Кім қаласа, сол ән айтып бейнебаян түсіре беретін болды ғой, сахнаның сәні кетті. Заң қайда осыларға...", "Саны бар сапасыз дүние көбейді-ау, не масқара, мән-мағына жоқ", "Камшат Жолдыбаевадан асып түстің", - деп жазған пікір білдірушілер.