Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Намазхан болса, қайтейін». Қайрат Әділгерейдің сұхбаты желіде талқыға түсті

Танымал әзілкештің айтуынша адамдардың адамгершілік деңгейін намазбен өлшеуге болмайды, деп хабарлайды paryz.kz exk.kz-ке сілтеме жасап. 

«Намазхан болса, қайтейін». Қайрат Әділгерейдің сұхбаты желіде талқыға түсті
Фото: stan.kz

Қайрат Әділгерейдің сұхбаты әлеуметтік желіде тарады. Ол көпшілік қазір намаз оқитындарды басқалардан бөліп қарайды дейді. Бірақ бұлай адамдарды алалауға болмайтынын айтады.

Бізде намазға қарап өлшейді адамгершілік қасиетін. Ол екі жыл бұрын бастаған шығар намазды, бәлкім. Оған дейін кім болды? Білмейміз. Көмектесіңізші намаз оқитын еді дейді біреулер. Намазхан болса қайтейін?, -  дейді Қайрат Әділгерей.

Желі қолданушылардың бір парасы актердің ойын қолдаса, енді бірі қарсы шыққан.