"Келсем екі мәйіт жатты” - Әбілмансұр Серіков 5:32 сериалы туралы айтты

Әбілмансұр Серіков 5:32 сериалының түсірілім алаңында болған жайттарымен Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті.

"Келсем екі мәйіт жатты” - Әбілмансұр Серіков 5:32 сериалы туралы айтты
Фото: stan.kz

Ол мәйітханада өткен түсірілім өзі үшін аса ауыр болшғанын мойындады. Түсірілімнің бірінші күні кетіп қалсам ба деген ой бес рет келді. Өте ауыр болды. Таңертең бастадық. Бірінші локация - мәйітхана.
Кірсек, мұздатқышта екі мүрде жатыр, ал біз сол жерде фильм түсірдік.

Кешкі сағат 5-те түскі асты алып келді. Жылағым келді. Кетіп қалайын ба деген ой келді. Кешіріңдерші, бірақ мен шыдай алмайды екенмін, кете берейінші деп айтқым келіп тұрды. Кейін өзіме: Жындысың ба? Өзің келісіп алдың. Еркек емессің ба? Өз-өзіңді тексеремін дедің. Не мынау? Дәлелде, - дедім.

Артқа жол жоқ. Қаншама адамды аяқтан шалатын едім. Оның үстіне, басты рөл. Солай өзімді өзім еңсеріп, әрі қарай кеттік ,- деді актер.