Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Прокуратураға үстімнен 500 шағым түсті": Shiza туға қатысты даудан кейін күйзеліске түскенін айтты

Shiza лақап атымен белгілі Асхат Жолшиев «kana beisekeyev» ютуб арнасында Алматыда ту ұстап шығып, қоғамда едәуір шу туғызған жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Прокуратураға үстімнен 500 шағым түсті": Shiza туға қатысты даудан кейін күйзеліске түскенін айтты
Фото: ашық дереккөзі

Қазір тыныш. Күніне бір-екі хейт бар. Басында үрейлі болды. Бір адамдар жамандаса,  бәрі соған кетіп қалатын жағдай болады ғой. Бізде сондай жабайы түрде дамыған, - деді Асхат Жолшиев.

Ол болған оқиғаның хронологиясын айтып берді.

Бірінші концерт басталды. Трек-парақшаны жібердім. Соңғы трек – Көк ту туралы ән болды. Бір-бірімізге уақтылы хабарлап, жұмыс істемегеннен болды. Біз оларға Көк ту әні соңғы болатынын айтпағанбыз. Ал олардың өздерінде соңғы трек басқаша болған. Бір-бірімізбен ақылдаспағаннан сондай болып қалды. Ұйымдастырушылар да соңғы трек Көк ту болатынын айту керек еді, - дейді ол.

Асхат Жолшиевтың айтуынша, ИК тобы Түркістандағы Керуен-Сарайда концерт берген. Оларға ұйымдастырушылар гонорардың орнына Түркияға билет берген.

Мен Маркаға «мен де сендермен ілесіп кетем» дедім. Алмаз Жәлимен сөйлесу керек деді. Алмаз «әзірге тыныш» деп жүрді. Соңында «че там» деп жүрдім. Болмайтынын білдік. Жарайды дедім де, балаларды Түркістанға қолдау үшін бардым. Концерт басталды. Көк ту әні бойынша тек қолдау үшін шығатын болдым. Алмаз Жәли келді де, қазір Көк ту мен Шымды айтасың да, Түркияға барасың дегендей қылды. Все дедім. Шықтым. Көк туды айттық. Одан кейін «Шымды» айтуым керек қой. Бірақ ол ән 

шықпай қалды. Звукач қоса алмай қойды. Трек болмай қалды. Дыбыстағыштарды да кінәлай алмайсың. 25 мамырда Балуан Шолақта (Алматы) концерт болды. Тректерді жібердім, шықтым. Бәрін жақсы айтып бастадым. Соңында Көк ту болды. Аккапелла айтамыз дедік. Плюспен айтып жатырмыз. Бірде артыма қарасам балалар жоқ. Трек бітті. Сахнадан дұрыс қайтпадым. Гримеркаға бардым да бастым короче (ішкенін айтады). Шықпаймын деп ойладым, - дейді ол.

Алмас Жолшиев ИК тобы 50 минуттай ән салғаннан кейін мас болып қалғанын айтады.

Шықтым. Қалыпты айттық. Соңғы жағында сөзімді аяқтай алмай қалдым. Осы жерде біреудің қымбат туын «осы концерттен естелік болып қалсын» деген сөз айтып, адамдарға беріп... Басында лақтырам деп ойладым. Бергім келді. Жігіттер тоқтатып, артық қуып кетеді деп ойлады. Тоқтатты да. Ойымды соңына дейін айта алмай қалдым. Ертесінде тик-токта трендте жүр екенбіз, - дейді ол.

Әнші үш-төрт күндей депрессияда жүргенін еске алады. Кейін бәрі қалыпты болды.

Үйдегілерді уайыдадым. Олар Асхат Жолшиев дегенді телевизордан көрген ғой. “Көк туды таптады, қорлады” деп… 3-4 күндей депрессия, стресте жүрдім. Екі жылға кетіп қалам ба деп ойладым. Сондай сыбыс естідім. Прокуратураға 500 бе шағым түскен екен. Қатем сол – ішіп алып, туды ұстағанымда. Әйтпесе, ниетім туды таптау, қорлау болған жоқ. Құдайдың өзі ниетке қарайды ғой, - дейді ол.

Айта кетсек, бұл жағдай қоғамда едәуір шу туғызған болатын. Тіпті Сенаттың жалпы отырысында Үкімет басшысына сауал жолдаған депутат Нұртөре Жүсіп Ирина Қайратовна мен SHIZA-ны сахнадан 5 жылға аластатуды ұсынған еді.