Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

"30-да орда бұзған" деп кімдерді айтуға болады?

Қазақта “Отызда орда бұзбаған, қырықта қамал ала алмайды” – деген сөз бар. Осы бір тәмсілді танымал блогер Нұрлан Жанай өзінше тәпсірлеп көрді, деп жазады Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

"30-да орда бұзған" деп кімдерді айтуға болады?
Видеодан кадр

Бұл туралы Нұрлан Жанай өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Блогердің пайымынша, 30-да орда бұзу деген көлікпен, бала-шағамен және пәтермен өлшенеді екен. Егер оның бірі болмаса, бұл сөзге адам лайық емес дейді ол.

"30 жасқа дейін үйленіп, бір балаңыз болса, екінші 20 миллионға дейін көлік алған болсаңыз, үшінші критерий Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент секілді қалалардың бірінде үш бөлмелі үйіңіз болса, онда сіз 30-да орда бұзған болып саналасыз. Егер бұларға қол жеткізбесеңіз 30-да орда бұзған деген өтірік нәрсе", — деді Нұрлан Жанай.

Блогердің бұл айтқаны желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі Нұрланның сөзін жөн десе, енді бірі адамның жасы дүние-мүлікпен өлшенбейді дейді.

"Рас айтылған! 30-ға дейін ебін тауып тірлік жасаса осының бәріне жетуге болады. Шүкір, Алланың қалауымен, өз еңбегімен, менің қолдауыммен жолдасым 30-ға дейін орда бұзды", "Керемет мотивация", "Әке-шешесінің арқасында орда бұзып жүргендер көп десеңші", "Орда бұзу тек дүние-мүлікпен өлшенетін болғаны ма?", — деп жазды желі қолданушылары.