Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Қара балшықтың қасиеті. Тамара Асар мүгедектігінен қалай құтылғанын айтты

Белгілі әнші Тамара Асар жол апатынан кейін біраз уақыт өздігінен жүре алмай қалған. Аяқтан тұрып кетуіне ол қара балшықтың көмегі көп болды дейді, деп хабарлайды Рaryz.kz   exk.kz  сілтеме жасап. 

Қара балшықтың қасиеті. Тамара Асар мүгедектігінен қалай құтылғанын айтты
instagram.com/tamara_assar_official

Бұл туралы Тамара Асар өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Онда әнші басынан өткен қиын сәттерді еске алып, оқырмандарына қиындықтан қалай құтылғанын айтқан. Жол апатына түскен ол аяқтан тұрып кетуіне әуелі анасы, екінші қара балшықтың қасиеті себеп болды дейді.

instagram.com/tamara_assar_official

instagram.com/tamara_assar_official

"Апаттан кейінгі қиындау жағдай былай тұрсын, "ревмотоидный артрит" деген ауру бойыма меңдеп кеткен. Қолым қасық көтере алмайтын, аяғым жер баспақ түгілі, қозғауға келмейтін. Біреуге өтірік, біреуге шын арбадан бір аптада түсіп, балдақ ұстадым, келесі аптасында балдақты лақтырып, аяғымды басып жүре бастадым. Қасиетті қара балшық талайды қатарға әлі қосады, мен оған сенемін!", — деп жазды Тамара Асар.

instagram.com/tamara_assar_official

instagram.com/tamara_assar_official

Әнші ем-дом қабылдау үшін Жаңақорғанның қара балшығына жылда барады екен. Ал желі қолданушылары өз бастарындағы жағдайды айтып, түрлі пікір қалдырып жатыр.

instagram.com/tamara_assar_official

instagram.com/tamara_assar_official

 

instagram.com/tamara_assar_official

instagram.com/tamara_assar_official

"Шіркін, менің де бауырым сіз сияқты сауығып кетсе екен", "Деніңізге саулық тілеймін", "Бақытты болыңыз", "Аман болыңыз, сізді құрметтеймін", "Алла шипасын берсін, отбасыңның қызығын көріңіз", "Батпақтан кейінгі күтімді жазсаңыз", "Мен де жол апатынан кейін жүре алмай қалдым, қандай ем айтасыз?", — деп жазды желі қолданушылары.