Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

"Алғашқы әнім". Димаш Құдайберген халыққа жаңа туындысын таныстырды

Аса танымал әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлері көпткен күткен жаңалықты жария етті, деп хабарлайды Рaryz.kz  exk.kz  сілтеме жасап.

"Алғашқы әнім". Димаш Құдайберген халыққа жаңа туындысын таныстырды
instagram.com/kudaibergenov.dimash

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жаңа әні туралы айтып, түсіріп жатқан клиптің үзіндісін көрсетті.

Бұл менің соңғы 5 жылдағы қазақ тіліндегі алғашқы поп-әнім. Музыкасын дарынды Еділжан Ғаббасовпен бірге жаздым. Премьерасы жақын арадағы бірнеше күнде болады. Менің әлеуметтік желілеріме шығады,

— деп жазды әнші.

Жаңа ән мен клиптің үзіндісі халыққа ұнаған сияқты, себебі посттың астына жазылған пікірлердің бәрі дерлік жағымды тарапта жазылған.

"Асыға күтеміз", "Біз үшін еңбектеніп жатқаныңды көрудің өзі керемет", "Бір қуантып тастадың ғой", "Керемет болатынын сеземін. Әр тілде шырқай бер. Ана тіліңде айтылған ән ерекше ыстық",

— дейді Димаштың әр елдегі жанкүйерлері.