Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

"Күн сайын өлім". Айқын Төлепберген шоу-концертте Украина балаларына ән арнады

Күні кеше Almaty Arena сахнасында "Voice of Peace" атты шоу-концерт өтті, деп хабарлайды Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

"Күн сайын өлім". Айқын Төлепберген шоу-концертте Украина балаларына ән арнады
Видеодан кадр

Сол кеште белгілі әнші Айқын Төлепберген де ән салды. Ол концертте Украина халқына ерекше ән арнады. Айқынның айтуынша, ұйымдастырушылар концерттен түскен бар қыржыны Украинадағы соғыстан зардап шеккен балалардың еміне аудармақ екен.

Ресей мен Украина арасындағы соғыстың зардабын балалар қатты тартып отыр. Күн сайын адам өліп жатыр. Осы концерттен түскен барлық қаржы Украинаға аударылады,

-дейді Айқын Төлепберген.

"Voice of Peace" шоуына Украинадан арнайы келген өнер жұлдыздары да қатысты. Олардың қатарында Монатик, Тина Кароль, Дорофеева бар. Ал отандық әншілерден Айқын Төлепберген, Данелия Төлешова, Асылбек пен Сырымтай Еңсепов пен Аргония ән салды.