"Ерте кетті". Жанар Айжанова күйеуі туралы тың естелік жариялады

Белгілі әнші, танымал әртіс Жанар Айжанова 27 жыл бұрын келін болып түскен оқиғасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Рaryz.kz exk.kz сілтеме жасап.

"Ерте кетті". Жанар Айжанова күйеуі туралы тың естелік жариялады
Видеодан кадр

Ол өзінің Instagram парақшасында видео жариялап, желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Ол 27 жыл бұрын қожалардың әулетіне келін болып түскен кезі туралы жазады.

Марқұм Адайбек тойдан кейін көп ұзамай жол апатынан қайтыс болды. Жасымыз 27-де еді. Тағдырым сол кезден басталды. Көзімді жұмып, қанша рет дария кештім. Аяғым ауыр, елде тоқырау, әркім өз басымен қайғы болып кеткен кез,

— деп еске алады әртіс.

Халықтың сұрауы бойынша ол өзінің дүниеден өткен күйеуі туралы тың ақпарат айтып берді.

Қызым Айжұлдыздың әкесі жігіттің сұлтаны, бір сөзді, мысы басым, қолы ашық, сымбатты нағыз ер жүрек батыр дер едім. Алланың жазғаны сол болды, ерте кетті. Жақында Айжұлдыз әкесінің басына барып, құранын оқыттырып, әжесіне сәлем беріп келді,

— дейді әнші.

Осылайша Жанар Айжанова 27 жыл бұрын түсірілген видеоға ойша саяхат жасап, жас отау құрып жатқан жастарға "топырақтан тысқары болып, бір жастықта қартайсын" деп тілек те айтады.

Танымал әнші әрі әртіс бұған дейін ет тұздап, пышақ қайрауды білмейтін еркектерді сынаған еді.