Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

"Ақ шалбар, қара көзілдірік" Бақытбек Есентаевтың түрмеден шыққан видеосы тарады

Кеше Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі абақтыдан босап шықты. Бұл жайында Бақытбек Есентаевтың туған қарындасы мәлімдеді, деп хабарлайды Рaryz.kz  exk.kz  сілтеме жасап.

"Ақ шалбар, қара көзілдірік" Бақытбек Есентаевтың түрмеден шыққан видеосы тарады
Бақытбек Есентаев / Видеодан кадр

Өткен аптада, яғни 12 шілде күні жазасын өтеуші Есентаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтінішін Қапшағай қалалық соты қанағаттандырған еді. Соңғы 6 жылын абақтыда өткізген Бақытбек бүгін туған-туыстарымен қауышты. Колонияның алдына жиналғандардың қарасы көп. Қымбат маркалы көліктер қаз-қатар тізіліп тұр. Оны қарсы алуға ет жақындары, достары түгелдей дерлік жиналғанымен, қыздары көрінбейді.

Міне, ағатайым шығып жатыр. Мына жақта көп достары күтіп тұр. Ағам көлікке отырды. Енді бұл жерді өмірі көрсетпесін. Кеттік тойлатамыз,

— деді Нағима Есентаева.

Нағима Есентаева / Видеодан кадр

Нағима Есентаева / Видеодан кадр

Видеоға зер салсақ, 6 жыл абақтыда отырған Есентаевтың болмысында біраз өзгеріс байқалады. Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі сәл салмақ тастап, шашына ақ түскен. Сондай-ақ, сырт көзге салқынқанды әрі салмақты көрінеді. Бақытбек түрмеден қара көзілдірік, ақ шалбар, көк кеудеше киіп шыққан.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы Бақытбек Есентаев әйелі Баян Мақсатқызын соққыға жығып, пышақ жарақаттарын салғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол соңғы 6 жылын Алматы облысы Заречный ауылындағы қатаң режимдегі ерлер колониясында өткізді. Мұнда — ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейді.