Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

"Қарны бірінші кіріп келеді!" Артық салмақ қосқан Бесбаевты ел танымай қалды

Бұрын әсем әндерімен, келісті келбетімен елдің аузында жүретін Бесбаев бұл жолы артық салмағымен жұрттың талқысына түсті, деп жазады Рaryz.kz  exk.kz  сілтеме жасап.

"Қарны бірінші кіріп келеді!" Артық салмақ қосқан Бесбаевты ел танымай қалды
Видеодан кадр / instagram.com/m_besbaev

Әлеуметтік желіде Мейрамбек Бесбаевтың мейрамхана кіріп келе жатқан видеосы пайда болды. Аталған бейнежазбаны көрген көпшілік "Музарт" тобының әншісі қатты семіргенін айтып, оның қарнын қызу әңгіме қылған.

"Мейрамбек ағамыздың қарны бірінші кіріп келе жатыр ғой", "Мейрамбек ел ағасы болуға толып, домаланып қалыпты", "Спортпен айналысу керек", "Мейрамбек семіріп кетіпсің", "Мейрамбек ішіне абырой жинап алыпты ғой",

— деді оқырмандары.

Желідегі жұрттың бір тобы Бесбаевтың артық салмағын сөз етсе, олардың енді бір легі әншінің қатты қартайып кеткенін жарыса жазып жатыр.

Мейрамбек аға да қартайған екен / instagram.com/m_besbaev

Мейрамбек аға да қартайған екен / instagram.com/m_besbaev

"Мейрамбек аға да қартайған екен. Әдемі қартайыңыз", "Өмір-ай! Әттең, ағаларымыз да қартайып жатыр", "Өмір өзінікін алады екен. Дегенмен Мейрамбек ағамыз қартайыпты",

— деп жазды тыңдармандары.