Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

"Бағбан жақсы!" 50-дегі еркекке тиген 25 жастағы қыз тағы да күйеуін мақтады

Отағасы, белгілі журналист Серік Әбдуәлі 50 жастан асса, оның келіншегі Дана Райымжанова 25-те. Таяуда желі жұлдызына айналған атышулы жұп тағы да қазнетті дүр сілкіндірді, деп жазады Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

"Бағбан жақсы!" 50-дегі еркекке тиген 25 жастағы қыз тағы да күйеуін мақтады
@danaraimzhanovava

Соңғы уақытта жұрт назарына жиі іліккен ерекше ерлі-зайыптылар күні кеше желіге тағы бір видео жүктеді. Аталған бейнежазбада елуден асқан шағында 25-тегі қызды алған отағасы өзіне көз тиіп, сырқаттанып қалғанын өлең жолдарымен жеткізіпті.

50-дегі еркекке тиген 25 жастағы қыз тағы да күйеуін мақтады / @danaraimzhanova

50-дегі еркекке тиген 25 жастағы қыз тағы да күйеуін мақтады / @danaraimzhanova

"Ойбой, маған көз тиді...

Не аңдыған көз тиді, не қаңғыған сөз тиді.

Болмасам да кәрі, ішіп жүрмін дәрі.

Көз тисе де, сөз тисе де, Tiktok-тан келді-ау бәрі.

Жаман қатты тиді. Жұрттың айтқан шалы.

Көре алмаса не деймін, аман болсын медигім.

Құдайдың қосқан жарым — өмірімнің мәні, көңілімнің нәрі.

25-тегі жары — 50-дегі ердің бағы.

Тіл-көз деген пәле, құрысын атамнан ары...", — деді ел арасында "шал" атанып кеткен отағасы.

 

Серік Әбдуәлінің сырқатына қатысты жұрттың жорамалы тым басқа. Олар елуден асқан еркекке сөз де, көз де тимегенін айтып, басты мәселе — кәрілікте екенін жасырмай жазыпты.

"Шал, мойындасаңшы, қуатың кетті ғой. Тіл-көзден көрме", "Жасы 50-де ме? Үлкен көрінеді екен", "Кеткен күш-қуатты сөз бен көзге жаппай-ақ қою керек шығар. Оны кәрілік дейді", "Мына шалға 50 емес, 75 сияқты",

— деп жазды желідегі жұрт.

Күйеуінің күш-қуатына күмәнмен қараған көпшіліктің бұл пікірімен жас келіншек келіспейді. "Әйелің күнде әдемі болып келе жатыр екен" деп отағасына бағытталған пікірге "Бағбан жақсы ғой" деп жауап жазды Дана Райымжанова.