Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

"Тойға тегін шақырады". Нұрлан Еспанов адам таңдап танысатын болған

Танымал әнші Нұрлан Еспанов соңғы уақытта кез-келген адаммен таныспайтын болған, деп жазады Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

"Тойға тегін шақырады". Нұрлан Еспанов адам таңдап танысатын болған
instagram.com/espanov_n

Себебі, әншінің жаңа таныстары оның ақ-көңіл екенін пайдаланып тегін тойларға шақырады екен. Бұл Еспановқа мүлдем ұнамайды. Сондықтан өнер иесі соңғы уақытта адам таңдап танысатын дәрежеге жеткен.

"Қазір біреумен танысуға қорқатын болдық. Танысқан күннің ертеңінде тегін тойға шақырады немесе құттықтау видео жазуымды сұрайды. Бұл біздің табыс көзіміз ғой. Өтініш, бұлай араласпай-ақ қойыңыздаршы. Біздің де отбасымыз бар. Сыйластықты әлсіздік деп есептемеңіздер", — деді Нұрлан Еспанов.

instagram.com/espanov_n

instagram.com/espanov_n

Нұрлан аптасына екі, үш тойға барып, ән салады. Қаламақысы өзге әріптестеріне қарағанда тым жоғары емес. Әнші Алматыдағы тойда 40 минут ән шырқағаны үшін 500 мың теңге сұраса, ал өзге аймақтарда оның бағасы бір миллион теңгеге жетеді екен.

Нұрлан Еспановтың ұлы жаңа көлігіне VIP нөмір таққанын Экспресс К жазды. Кіл жетіден тұратын нөмірді әншінің ұлы Олжас Еспановқа ағасы сыйға тартыпты. Ал Нұрлан болса ұлына "Енді осы көлікпен үйге келін алып кел!" деп жазды.