Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

"Қойшы бала" шоу бизнесті біржола тастап, ауылда бие сауып, саумал ішіп жүр

Әлеуметтік желілер арқылы танымал болған "қойшы бала" - Айдос Кәден туған ауылына қайтып, ата-анасына қолғабыс етіп жүр, деп жазады Рaryz.kz   exk.kz  сілтеме жасап.

"Қойшы бала" шоу бизнесті біржола тастап, ауылда бие сауып, саумал ішіп жүр
Видеодан кадр

"Қойшы бала" үйдегі барлық шаруаны өз мойнына алған сияқты. Күні кеше ол жайлауда жүрген видеосын Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Онда ол демалып жүрген жоқ, жылқы бағып, оны сауып отыр. Соған қарағанда қалаға сыймаған әншіні ата-анасы малға жегіп қойған сияқты. Бірақ, ауылдың баласына бұл ауыр шаруа емес.

Ауылға барып керемет демалып жатырмын,

— деп жазды Қойшы бала.

Жақында ғана ол тіпті құран оқып, намазға жығылатынын айтқан болатын. Тіпті Айдос Алматыдағы Таугүл мешітінің ұстазынан да сабақ алған еді. Қойшы баланың бұл әрекетін өнердегі ұстазы Жігер Ауыпбаев қолдайды. Жігердің өзі де осыдан бірнеше жыл бұрын Меккеге барып, қажы атанып келген еді. Қазір Жігер бес уақыт намазын қаза қылмайтын тақуа болып алған.

Экспресс К бұған дейін әнші баланың продюсері мен вокал маманы оған тойлар мен концерттерге шығуына тыйым салғанын жазды. Содан кейін ол шоу бизнесті қойып біржола ауылына қайтқан болатын.