Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

"Ұйқым келмейді" әнінің авторы ақшасын алған соң әнші қызды әбден мазақ қылды

Атышулы "Ұйқым келмейді" әні әлі де қазнетте қызу талқыланып жатыр. Бұл жолы аталған хиттің авторлары қазақшаға шорқақ орындаушы қызды, яғни Алина Шакиеваны келеке қылған видео пайда болды, деп жазады Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

"Ұйқым келмейді" әнінің авторы ақшасын алған соң әнші қызды әбден мазақ қылды
Рамазан Амантай / Алина Шакиева

Ғаламторда тараған бейнежазбаға зер салсақ, "Ұйқым келмейді" әнінің мәтінін жазған Рамазан Амантай, музыкасының авторы Диана Исмайыл студияда дәл осы атышулы хиттің клипін көріп отырады. Сол сәтте олар қазақшаға шорқақ, "ң" мен "і" әрпіне тілі тілмеген әннің орындаушысын, яғни Алина Шакиеваның видеосына қарап қарқылдап күледі. Жас ақынның мұндай ерсі қылығына ызаланған желі қолданушылары жағымсыз жазба қалдырып, оларды қарғап-сілеп жатыр.

"Алаяқ, ақшасын алып мазақ қылдың ғой", "Осы ән үшін алған ақшаларың желкеңнен шықсын", "Бұл күлкілі емес. Адамды кемсіту үлкен күнә", "Автор, намысың болса сен өлең жазбай-ақ қойшы", "Жауапқа тартылсын. Ұятсыздар, арсыздар",

— деп ашуланды желідегі жұрт.

Айта кетейік, дәл қазір көптің сынына іліккен клип бір аптаның ішінде екі жарым миллионға жуық қаралым жинаған.