Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Аша Матайдың ағасы жас қыздарды шет елдерге алдап сатқан

Танымал әнші Аша Матайдың ағасы Айдар Асқарбек келбеті келісті, бойы ұзын модель қыздарды шетелге сатумен айналысқан, деп жазады Рaryz.kz    exk.kz сілтеме жасап.

Аша Матайдың ағасы жас қыздарды шет елдерге алдап сатқан
instagram.com/aidar__askarbek

Айдар өрімдей жас аруларды сән агенттігіне жұмысқа шақырып отырған. Алдаудың түрлі тәсілін меңгерген ол адам сатумен айналысқан қылмыстық топтың құрамында болған.

Танымал әнші Ашаның ағасы ақшадан тарыққан қыздардың сеніміне кіріп, сән агенттігі арқылы шетелде жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызуға уәде берген. Уәдеге сенген қыздарды ол агенттікке шақырып алып сол жерде қамап отырған.

Кейін белгілі болғандай, бұл оқиға Salem social media түсірген "Первая отрицательная" веб-сериалынан алынған болып шықты. Осы сериалда Аша Матайдың ағасы Айдар актер ретінде ойнайды.

© SSM

© SSM

Веб-сериал — мінез-құлқы екі түрлі екі қыз жайлы. Қатал, тәуелсіз полицей Ұлжан мен ұяң, дәстүрлі келіншек Айша ауыр жарақатпен ауруханаға түседі. Дәрігерлер қыздарды жүрек-өкпе аппаратына қосып, олардың өмірін сақтап қалу үшін қанын бір-біріне құяды. Ұйқыдан оянған Ұлжан мен Айша бірте-бірте әдеттері мен мінездерінің өзгергенін байқайды. Енді қыздар шындыққа бейімделіп, өзгерген мінезінің әсерінен қиындықтарға тап болады.

Salem social media және Rocket Stories бірлесіп жасаған "Первая отрицательная" веб-сериалы 16 бөлімнен тұрады.