Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

16 танымал актер Алматыдағы мейрамханада қамалып қалды

Танымал актерлер бір ай бойы Алматыдағы мейрамханалардың бірінде қамалады, деп жазады Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

16 танымал актер Алматыдағы мейрамханада қамалып қалды
ашық дерек көздерінен

Себебі, олардың барлығы дерлік Salem social media-ның "Шахристан" атты жаңа веб-сериалында басты рөлді сомдайтын болады. Сериалдың өзге жобадан ерекшелігі де осында.

© SSM

© SSM

Сериалдың түсірілім жұмыстары бір ғана мейрамхананың ішінде өтеді.

© SSM

© SSM

Веб-сериалдың неліктен бір ғана түсірілім алаңында өтіп жатқанын Salem social media компаниясының креативті продюсері әрі жобаның режиссері Бахтияр Бәденов түсіндіріп берді.

"Біз қазір Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде жаңа жобаның түсірілім жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. "Шахристан" атты веб-сериалдың сюжеті бойынша мейрамханалардың бірінде оқыс оқиға болып, қонақтар өз бетінше жасырын тергеу жұмыстарын жүргізеді. Көрерменге оқиғаны жан-жақты анық көрсетуге тырысамыз. Веб-сериал 10 бөлімнен тұрады", — дейді Бахтияр Бәденов.

© SSM

© SSM

Сериалда басты рөлді сомдайтын актерлердің қатарында елге танымал Әділ Ахметов, Айдос Әуесбаев, Томирис Жанғазинова, Әсет Иманғали, Шынар Жанысбекова, Әмина Мектепбаева, Ергенбай Әбу, Жалғас Лесбаев, Ерқанат Ермахан, Айгүл Нәремгенова, Шағуан Үмбетғали, Айша Ағымбай, Бағлан Қалманов, Әлімхан Мырзахан, Ермек Тұрғанбек, Нұрсұлтан Әбдуәли, Бақтияр Ошанбаев бар.

Бұл жобаға белгілі кинорежиссер Әлішер Өтев сценарист әрі продюсері ретінде ат салысуда. Ал қоюшы операторы Диас Әбдірахман.

© SSM

© SSM

"Шахристан" веб-сериалы осы жылдың күз айында көрерменге жол тартады. Жақында Salem social media драмеди жанрындағы Первая отрицательная жаңа веб-сериалдың тұсауы кесілді.