Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

"Жасарып кеткен!" Жас әйел алған Нұрғали Нүсіпжановты жұрт танымай қалды

Соңғы уақытта Нұрғали Нүсіпжанов Instagram-да өте белсенді. Әр қадамын желіге жүктейтін халық әртісінің су жаңа образы бірден ел назарын өзіне аударды, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.

"Жасарып кеткен!" Жас әйел алған Нұрғали Нүсіпжановты жұрт танымай қалды
instagram.com/nurgali_nusipzhanuly_resmi

Дәл қазіргі таңда Нұрғали Нүсіпжанов 85 жаста. Өнер иесінің ширақ қимылы мен ерекше киіну стилі көпті таңғалдыруда. Әлеуметтік желіге түрлі образдағы суреттерін салатын егде жастағы әншіні кейбір оқырмандары танымай қалса, елдің енді бір легі халық әртісінің жасарып кеткенін аңғарып, оның жас әйеліне алғысын айтуда.

Нұрғали Нүсіпжановтың жаңа образы елдің қызу талқысына түсті

Нұрғали Нүсіпжановтың жаңа образы елдің қызу талқысына түсті

"Атамыз гламурный болып кетіпті", "Ағамыз жасарып, имиджі ауысыпты. Соған қарағанда жеңгеміз сізге басын иіп қызмет етеді-ау. Керемет, мың жасаңыз", "Жеңгемізге рақмет", "Жасарып кеткен", "Жадыра жеңгейге рақмет. Ұзақ жасаңыз",

— деп жазды желідегі жұрт.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов 40 жастағы тележүргізуші Жадыра Сейдешпен шаңырақ көтерген еді.

 

Халық әртісінің ерекше киіну стилі жұрт назарына ілікті / instagram.com/nurgali_nusipzhanuly_resmi

Халық әртісінің ерекше киіну стилі жұрт назарына ілікті / instagram.com/nurgali_nusipzhanuly_resmi