Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Ninety One тобындағы "ZAQ" үйленді

Атышулы Ninety One тобының мүшесі "ZAQ" лақап атымен танымал Дулат Мұхаметқали шаңырақ көтерді, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

Ninety One тобындағы "ZAQ" үйленді
Видеодан кадр

Дулаттың таңдауы Жадыра есімді бет әрлейтін қызға түсіпті. Күні кеше ғана ZAQ-тың үйлену тойы дүркіреп өтті. Тойға 150-ден аса адам қонақ болып келген. Бұл кешке екі жастың достары мен ет жақындары жиналған.

instagram.com/zaqcount

instagram.com/zaqcount

Думанды кештен түсірілген видеоны Дулаттың досы әрі топтың белді мүшесі Батырхан Мәлік өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Онда екі жас бір-бірінің саусағына неке сақинасын тағып жатқанын байқауға болады.

Дулат-Жадыра, бақытты болыңдар! Сендерге мәңгі махаббат тілеймін,

— деп жазды Батырхан Мәлік.

Тойда топтың өзге мүшелері хит әндерін орындап, барынша көңіл көтерді. Тіпті, араларында би билеп жарысқандары да болды.

Ninety One тобының тағы бір мүшесі Батырхан Мәлік Вероника есімді арумен некесін қиғанын Экспресс К бұған дейін жазды. Бірақ Батырхан Дулат сияқты дүбірлі той жасауға асығар емес.