Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

"Түрінен байқалмайды": Мәдина Сәдуақасованың күйеуі шетелдегі демалыстан мәз емес

Әнші Мадина Сәдуақасова отбасымен шетелге аттанды. Жұлдызды жанұяның таңдауы Біріккен Араб Әмірліктеріне түскен, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Түрінен байқалмайды": Мәдина Сәдуақасованың күйеуі шетелдегі демалыстан мәз емес

Олар бүгінде Абу-Даби қаласында демалып жатыр.

Мадина Сәдуақасова демалыста жүргенін өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Ол Абу-Дабиден фото мен видео жариялап, жанкүйерлеріне демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті. Жұлдызды отбасы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасындағы аса қымбат қонақ үйлердің бірінде тоқтаған. Әртістің сөзінше, бұл жанұясы ұшін көптен күткен демалыс болған.

"Олжас бақытты. Тек түрінен байқалмайды. Әйелі жанында, ал Әнуар бақытты. Смағұловтар отбасы демалуға дайын", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары жұлдызды отбасыға жақсы демалыс тілеп, жылы лебізін білдірді. "Керемет, демалыс сәтті өтсін", "Абу-Дабида +39 болып тұрса, Алматымызда да сондай ыстық. Бізге де бұйырсын демалыс", "Жақсы демалыс болсын", "Керемет отбасы, сіздерге тәнтімін", "Бала-шағаларыңыз көп болсын", - деп жазуда оқырмандар.