Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Ерлан Рысқали әлеуметтік желіде шу болған "Ұйқым келмейді" әнін домбырада орындады

Дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали қоғамда үлкен шу туғызған әнді қазақи нақышта орындады. Ол осы арқылы тілін бұрмалап айтатын Алина Шакиеваға "сабақ" бергісі келген секілді, деп жазады Рaryz.kz  Экспресс Ксілтеме жасап.

Ерлан Рысқали әлеуметтік желіде шу болған "Ұйқым келмейді" әнін домбырада орындады
ашық дерек көздерінен

Аз күннің ішінде ел назарын өзіне аударған "Ұйқым келмейді" әні және оны орындаған Алина Шакиева ғаламторда әлі қызу талқыланып жатыр. Facebook, TikTok, Instagarаm әлеуметтік желілерінде сол туралы әзіл аралас мемдер көбейді.

Дені әншінің орындау мәнеріне шүйліккен. Қарапайым адамдар ғана емес, бұған қойғам қайраткерлері мен белгілі әншілер де өз пікірін айтты.

Мәселен дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали "Ұйқым келмейді" әнінің каверін домбырада орындап шықты. Желі қолданушылары тәп-тәуір әнді бұзған Алинаға Ерланнан сабақ алсын деп кеңес беріп жатыр.