Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Қыздар ағаммен түрмеге барып танысқысы келеді – Бақытбек Есентаевтың қарындасы

Бүгін Бақытбектің бостандыққа шығатынын естіген Нағима Есентаева ағасының үйлену тойына қызу дайындықты бастап кеткен деп жазады  Рaryz.kz Экспресс К сілтеме тастап.

Қыздар ағаммен түрмеге барып танысқысы келеді – Бақытбек Есентаевтың қарындасы
ашық дерек көздерінен

Бақытбек Есентаевтың туған қарындасы көпшіліктен сүйінші сұрап, ағасының жеке өміріндегі жаңалығымен бөліскен.

"Бүгін менің ағам Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын босау соты өтті. Бәрі оң шешімін тапты. Қуаныштымыз, қуаныштан жарылайық деп тұрмыз. Қарындасы ретінде, ол енді алға қойған мақсаттарына жетіп, жақсы өмір сүрсе екен деген ғана тілегім бар. Басқасының бәрін өмір көрсетеді", — дейді Бақытбектің қарындасы.

 

Нағима Есентаеваның ендігі арманы — ағасына адал жар таңдау. Ол Бақытбек Есентаевқа тұрмысқа шыққысы келетін қыздардың көп екенін жасырмайды.

"Қарындасы болғаннан кейін енді "жақсы жеңге" жолықса екен деп тілеймін. Жуырда ағам шыққаннан кейін отбасын құру туралы ақылдасамыз. Танысамын деген қыздар өте көп. Қыздардың әлеуметтік желіде менің жекеме жазған хаттары өте көп. Тіпті, менің ағаммен түрмеге барып танысқысы келетін қыздар да бар. Сондықтан ағама тұрмысқа шыққысы келетін қыздар өте көп. Енді бұйырғаны болар", — дейді Нағима Есентаева.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы Бақытбек Есентаев әйелі Баян Мақсатқызын соққыға жығып, пышақ жарақаттарын салғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол соңғы 6 жылын Алматы облысы Заречный ауылындағы қатаң режимдегі ерлер колониясында өткізді. Мұнда — ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейді.

Айта кетейік, Бақытбек Есентаев пен Баян Мақсатқызының ортақ некесінен Айсәуле, Айару есімді екі қызы бар. Олар жиырма жылдан астам бір шаңырақ астында ғұмыр кешті. Атышулы оқиғадан кейін Баян кәсіпкер Түрсен Алагөзовке тұрмысқа шықты.