Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Бұлай болады ма": Жұлдыз Әбдікәрімова жеңіл табыс табу көзін тапты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бүгінгі жетістігіне жету жолы жайлы сөз қозғап, өзіне көмектескен тәсілдер жайлы айтты. Он жыл бойы отбасының қамымен жүрген өнер иесі ел алдына шыққан бойда әлеуметтік желілерді дамытуды қолға алған. Сөзінше, бұл дұрыс шешім болған, деп хабарлайды Paryz.kzNUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

"Бұлай болады ма": Жұлдыз Әбдікәрімова жеңіл табыс табу көзін тапты
Сурет: ашық дереккөз

Жұлдыз Әбдікәрімова қазіргі жетістігіне әлеуметтік желі елеулі септігін тигізгенін мойындайды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтып берді.

"Менің қазіргі жетістісігіме жетуіме көмектескен 2017 жылы қолға алған ең мықты инструмент - Instagram. Шынымды айтсам, алғашқыда маңызсыз дүние ғой, ешкімге керегі жоқ, жеңіл-желпі қарағаным рас.

Insta-парақшам ашылғанда күнделікті өміріммен, ойларыммен бөлісе бердім. Сіздерден қолдау аламын деп те ойламадым. Оқырман саны күн сайын өсіп, коммент пен лүпіл толассыз түсіп жатты. Бір күні жарнамалық ұсыныстар түсе бастады. Түрлі танымал брендтер түсірілімге шақыра бастады. Ойымда бір сұрақ қана болды: Бұлай болады ма", - деп жазды ол.