01.07.2022, 11:00

Димаш Құдайберген Алматыда концерт береді

ашық дерек көздерінен

23 қыркүйек күні Алматыда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді деп хабарлады Рaryz.kz turkystan.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында «Stranger» атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі  – орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын. Сіздерді асыға күтемін! Билеттерді сатудың басталғаны туралы қосымша хабарлаймыз. Ақпаратты жіберіп алмаңыз!», – деді Димаш Құдайберген.