Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

"Енді Құранға түсті": Ерке Есмаханның 10 жасар ұлы намазға жығылды

Ерке Есмахан ұлын медресеге берді. 10 жасар Мүслім қазіргі уақытта 5 уақыт намаз оқып жүр. Анасының айтуынша, енді "Құранға түсті", деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Енді Құранға түсті": Ерке Есмаханның 10 жасар ұлы намазға жығылды
ашық дерек көздерінен

 

Бұл туралы Еркенің өзі айтты. 

"Менің таеквондист, футболист ұлым енді медреседе оқып жүргенін білесіз ғой?! Дәрет, намаз, сүрелерді жаттап алды. 5 уақыт намаз оқып жүр. Енді Құранға түсті. Ақылды балам менің", - деп қуанышын көпшілікке жеткізді Есмахан. 

Айта кетейік, Ерке Есмаханның ағасы Бауыржан Есмахан көп жылдар бойы Ақтөбе облысының бас имамы болды. Қазіргі уақытта ол Қазақстанның бас мүфтиінің орынбасарларының бірі (наиб-мүфти).