"Менің анам да Алматы қаласында туып өскен орыс тілді қыз болған. Әкеме тұрмысқа шығып, ауылда қалып, таза қазақ тілді ана болды. Бала күнімізде Алматыға нағашы әжемнің үйіне қыдырып келгенде әжем біздің қазақша сөйлегенімізге көршілерінен, автобустағы халықтан ыңғайсызданып, бізге орысша үйретіп әуреленетін. Аллаға шүкір! Ол кезге қарағанда қазір ана тілімізге деген құрмет бар", - дейді өнер иесі.
Әншінің пікірінше, әлі де күллі қазақтың ана тілінде сөйлемеуіне "халықтың өзі емес, үкімет кінәлі".