Қалдыбек Құрманәлі бұл өмірде көп рет ғашық болғанын растады. Бұған дейінгі бір сұхбатында, некеден тыс балалары бар екенін, алайда олардың нақты санын білмейтінін айтқан еді. Алайда, композитор қыз зорлағанын жоққа шығарып отыр. Айтуынша, бұл оған күйеуге шыққысы келген келіншектің жапқан жаласы.
"Бір келіншек маған тиіп алмақшы болып, мені зорлады деп сотқа берді. Көбінесе төбелес үшін, сосын бір жолы шабуыл жасағаным үшін үстімнен іс қозғалған. Бұзақылық өте көп менде. Бір журналистпен де боқтасып, соттастым. Мұның бәрі болған нәрсе, бірақ дәлелденбеген", - деп ағынан жарылды Құрманәлі.
Айта кетерлігі, өзі соттасқан журналисттен композитор ақырында кешірім сұраған.