Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

"Өліп қаламын": Арман Дәулетияровтың анасы Мәскеуге көшуден бас тартуда

Этникалық қазақ, ресейдегі танымал медиаменджер Арман Дәулетияровтың анасымен сөйлескен сәті жұртшылықты сүйсінтті.

Арман Дәулетияров өзінің Instagram-дағы парақшасына анасымен әңгімелескен сәтінің видеосын салды, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Өліп қаламын": Арман Дәулетияровтың анасы Мәскеуге көшуден бас тартуда

Бейнежазбада Арман анасының қасында жатып, оны әңгімеге тартады. Үлкен кісі екі апта бұрын Орынбор облысынан келген. Мәскеудегі санаторийде ем алыпты. Алайда екі апта өткеннен кейін анасына үлкен қала ұнамай қалған тәрізді. Ауылын сағынғанын, тез қайтқысы келетінін айтады.

Ауылды сағындым. Өзімнің туып, өскен, 70 жыл тұрған жерім. Ауылдың адамдары әңгіме айтады. Кішкентай балалар сәлем беріп келеді. Мында таң атып, күн батпайды ғой, ауа райы басымды ауыртады,

— дейді кейуана.

Арман анасының бұл сөзіне әбден күледі. Оның айтуынша, алғаш келген кезде үлкен кісі "су жақсы, шай жақсы, ауа райы тамаша" деген. Ал бір аптадан кейін "бәрі ұнамай" қалыпты. Тіпті бес немересі мен келіні жүгіріп жүрсе де анасы ауылына қайтқысы келеді. Арман анасына "Мәскеуде қал, сізді сағынамыз, жылына екі рет келіп тұр" дейді.

Басты қатырма, Мәскеуге келсем бір жылда өліп қаламын. Жылдам өлтіргің келсе көшіріп ал. Бес балаң, келіншегің бар. Жасым 85-ке келгенде қайта-қайта келе берсем, шашылып қалам ғой. Маған көрсеткен рахатың Алладан, балаларыңнан қайтсын. Ризамын,

— дейді ана.

Анасы мен ұлының арасындағы жылы қарым-қатынас, әдемі әзіл әлеуметтік желі қолданушыларын сүйсінтті. Бірі "Анаңыз сондай, керемет, ешқашан қартаймасын", "Анаңыз ауырмасын. Үлкен кісілердің бәрі осындай", "Жаным апам әңгімесін тыңдай бергің келеді" деп ақ тілектерін жазса, енді бірі үлкен кісінің сөйлеу мәнері "батысша" екен деп әзілдеген. Бірі Арманның анасына деген құрметіне риза болып, тілектерін жазған.