Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

"Еркектің шаруасын шешермін" - Ерке Есмахан жеткен жетістіктері туралы айтты

Әнші Ерке Есмахан бүгінде үй шаруасымен мұлдем айналыспайтынын мойындады. Сөзінше, ол барлығын ақысын төлеп, біреуге жасатады. Өнер иесі мұндай дәрежеге өз еңбегімен жеткенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Еркектің шаруасын шешермін" - Ерке Есмахан жеткен жетістіктері туралы айтты

 Ерке Есмахан не себепті үй шаруасымен айналыспайтынын Instagram желісінде түсіндіруге тырысты. Әнші тамақ пісіріп, қонақ күтуге мықты екенін алға тартты. Алайда үйдің тірліктерін қазіргі уақытта істегісі жоқ.

"Иә, мүлдем жасамаймын. Жасайтын адамдар бар. Неге жасамайсың деп ренжіп жатқан ешкім жоқ. Өзім қожа, өзім би. Мен үй жұмысы, тазалық, ас үйдің шаруасы, қонақ күтуге мықтымын. Тек еңбектеніп, табыс тауып, өзімді ештеңе істемейтін дәрежеге жеткіздім. Шүкір. Ақша төлесең, қазір бәрін жасап береді. Ал бір күйеудің шаруасын шешермін, уайымдамаңыздар", - деді Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары әртістің бұл шешіміне қатысты екі түрлі ой білдірді. Бірі оны толығымен қолдап жатса, енді сынап тастады.