Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

"Көзайым болдым": Мейрамбек Бесбаев тыңдарманының бала арманын орындады (ВИДЕО)

Гастрольдік сапармен Қазақстанның бірнеше қалаларында ән кешін өткізіп жүрген Мейрамбек Бесбаев жұртшылықты қарапайымдылығымен тәнті етті.

Әнші сахнаға шығып, өтініш айтқан жас жігіттің бетін қайтармады, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Көзайым болдым": Мейрамбек Бесбаев тыңдарманының бала арманын орындады (ВИДЕО)
Сурет: ашық дереккөз

Желі қолданушыларының пікірінше, бұл кеш Көкшетауда өткен. Фархат Сағымбаев есімді жас жігіт сахнаға шығып, өзінің сүйікті әншісімен бірге ән шырқау туралы өтінішін айтады.

Мен бұл әнді бұрыннан айтамын. Бала арманым сізбен бірге ән шырқау еді. Рұқсат берсеңіз

— дейді жас жігіт әншіге.

Мейрамбек Бесбаев оның бұл өтінішіне бірден келісе кетті.

"Сүйікті етші" әнін әншінің өзі бастап шырқайды. Екінші шумағын жас жігіт орындайды. Оның дауысы залдағы көрермендерді таңғалдырды. Тіпті Мейрамбек Беспаевтың өзі де оның дауысына тәнті болды. Әннің қайырмасын жас жігіт пен әнші бірге шырқайды.

Концерттегі видео үзіндісін Фархат Сағымбаевтың өзі ТікТок парақшасына жүктеді. Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары өнер иесінің қарапайымдылығын алға тартып, жас жігітке өнер жолында сәттілік тіледі.

"Көңілім бір көтеріліп қалды ғой. Мейрамбекті көріп, көзайым болдым", "Мейрамбек Беспаев, жарайсың. Қарапайым, халық арасында жүре береді", "Бағың жансын", "Жарайсың! Біздің қазақ жігіттері шеттерінен тұнып тұрған талант иесі", "Енді дуэт күтеміз", "Дауысы қандай керемет", "Өнеріңіз өрлей берсін. Биіктердің көрініңіз", "Дауысы жақсы екен мына жігіттің", "Міне, нағыз тыңдарманға деген құрмет", "Роза Рымбаева сияқты итеріп жібермеді, респект" деп жазды желі қолданушылары.

Белгілі болғандай, сахнада Мейрамбек Беспаевпен бірге ән айтқан жас жігіт Ақмола облыстық "Үкілі Ыбырай" атындағы филармония әншісі екен.