Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Наркоздан кейінгі Балжан Бидаш оқырмандарын алаңдатты

"Кешью" тобының бұрынғы мүшесі Балжан Бидаш Түркияда ота жасатты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Наркоздан кейінгі Балжан Бидаш оқырмандарын алаңдатты

Әншінің күйеуі Жахан Отарғалиев ауруханадан видео жариялап, келіншегінің операциядан кейінгі жағдайын көрсетті.

Балжан Бидашқа ота жасалғаны туралы Instagram желісінен белгілі болды. Жахан Отарғалиев әйелінің наркоздан кейін оянған сәтінен видео жариялап, оның қазіргі жағдайын бөлісті. Желі қолданушылары бірден өнер иесі үшін алаңдаушылық танытып, оның күйеуін сұрақтың астына алды.

Алайда ерлі-зайыпты нақты қандай операция болғанын ашып айтпады. Жұлдыздар оны кейінірек хабарлауға уәде етті. Ал желіде жарияланған видеолардан Балжан Бидаштың екі құлағын да орап алғанын көруге болады.