Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

"Ол да өнер": Диана Қырықбаева бақытты өмірінің құпиясымен бөлісті

Әнші Динара Қырықбаева желіде жеке өмірі жайлы сыр шертті. Өнер иесі қазіргі уақытта басы бос екенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Ол да өнер": Диана Қырықбаева бақытты өмірінің құпиясымен бөлісті

Динара Қырықбаева Instagram парақшасында өзіне келіп түскен сан түрлі сұрақтарға жауап берді. Эстрада жұлдызы бүгінде арқа сүйер азаматы жоқ екенін ашық айтты.

"Жоқ, менің жігітім жоқ. Мен басы бос қызбын", - деді әнші. Оған қоса желідегілер әртістің үнемі көңілді жүретініне қызығып, оның сыры неде екенін сұрады. "Ол да өнер. Күліп жүре бер! Instagram-да өмірдің 5-10 пайызын ғана көресің. Жалпы әр түрлі жағдайлар болады. Көңіл-күйің болмайтын күндер болады. Бірақ әрқашан көңілді болуға тырысу керек. Өзіңіз үшін, отбасыңыз үшін", - деп жауап берді ол.