Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

"Баяғы заманда туған шығар": "Ирина Кайратовна" тобы сахнадан өздерін қуғысы келетіндерге жауап берді

Жуырда ғана ерсі қылығымен халықтың ашуына тиген "Ирина Кайратовна" тобының елге өкпесі бар секілді. Алматыда өткен Beu Fest фестиваліне қатысқан олар көпшіліктің алдында өткенде болған шулы оқиғаға байланысты өз ойларын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К.-ға сілтеме жасап. 

"Баяғы заманда туған шығар": "Ирина Кайратовна" тобы сахнадан өздерін қуғысы келетіндерге жауап берді

Күні кеше шараны ұйымдастырушылар бұл топтың фестивальге қатыспайтынын мәлімдегенімен, "Ирина Кайратовна" бәрібір де сахна төрінен табылыпты.

Концертке жауаптылар маусымның 10-ында "Ирина Кайратовна" тобының фестивальге қатысудан бас тартқанын айтқан болатын. Ол кезде бұл шешімнің нақты себебі айтылмаған еді. Алайда көпшілік жігіттердің бұл қадамы жуырда ғана болған жағдайға байланысты деп топшылаған. "ИК" тобы мен Zhisa есімді орындаушының сахнаға мас болып шығып, бастары дауға қалғанын Экспресс К жазған болатын.

Бұл реттегі концертте топ мүшелерінің ел алдына шығуы расында да күтпеген жағдай болған секілді. Әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазбада көрермендердің жігіттерді ыстық ықыласпен қарсы алғаны байқалады . Ең алдымен топ мүшесі Алдияр Жапарханов ел алдында сөз алып, өз шешімдерін түсіндірген.

Біздің мұнда келмеуімізге болмады. Себебі, сіздер сұранған соң, қатысқанымыз дұрыс деп шештік,

— дейді ол.

Сондай-ақ, Алдияр алдындағы концертте болған оқиғаға байланысты ойын да айтып қалды.

Өткен концертте 5 мың адамдай болды. Бәрі бізді видеоға түсіріп, желіге жариялап жатты. Бізді сахнадан аластату керек депті біреулер. Ол адамдар осыдан 5 мың жыл бұрын туған секілді. Бізге айыппұл салынып, оны төледік. Бірақ оның көлемін айтпаймын,

— дейді Алдияр Жапарханов.