Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

"Қашан қайтасыздар?": Қонақтарынан шаршаған Ерке Есмахан талқыға түсті

Ерке кезекті рет ел назарына ілікті. Бұл жолы әншінің өз үйіне келген қонақтарына қойған ерсі сауалдары жұртқа жақпай қалған. Ерке Есмахан аталған видеода астарлы әзілмен туған-туыстарынан үйін босатуды талап еткен, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Қашан қайтасыздар?": Қонақтарынан шаршаған Ерке Есмахан талқыға түсті
Сурет: ашық дереккөз

 

Ғаламторға жүктелген бейнетаспаға зер салсақ, концерт, той-томалақтардан қолы босамайтын Еркенің үйіне келген қонақтармен сол сәтте сәлемдесіп жатқанын аңғаруға болады. Үйдің іші толы адамдар. Мұндайға үйренбеген әнші туған-туыстарын сұрақтың астына алады.

Қонақтар, туысқандар, қашан келдіңіздер? Қашан қайтасыздар? Кеттім мен, қонақ үйде тұрамын. Ләззат апа, сіздің түсінігіңіз мол екен. Қайтып бара жатырсыз, иә? Жолыңыз болсын. Нақты ұшып бара жатырсыз ғой? Әуежайға дейін өзім апарып тастайын,

— деді Ерке Есмахан.

Қонақтардың тізімінде әншінің анасы да бар. Ол танымал қызының сұрағына бірден жауап беріп, әңгіменің нүктесін қойды.

Әй, қәзір қайтпаймыз. Әлі боламыз. Каникул ғой,

— деді Еркенің анасы.

Ерке кейін дәл осы бейнежазба әзіл ретінде түсірілгенін айтып ақталған.

Бәрі қалжың. Негізі көпшілікті жақсы көремін. Ауылдың қызымын ғой,

— деп жазба қалдырған әнші.

Десе де, Еркенің бұл қалжыңын қарапайым халық дұрыс түсінбеген. Олар әншіні сынап тастапты.

"Кең үйдің сәні туыстар ғой. Пейіліміз тарылмасын", "Кел демек бар, кет демек жоқ", "Мақтаншақтық жақсы әдет емес. Бәрі ақша үшін түсіреді. Дәніккеннен құныққан жаман",

— деді желі қолданушылары.