Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

"Ойланып көрерсің": Заңғар Нұртас көшедегі қыздарға көз сала бастаған ба?

Осыдан екі ай бұрын шаңырақ көтерген Заңғар Нұртас бұрындары қолы қалт етсе сауық-кеш, түнгі клубтарға қарай тартатын. Дәл қазір Айдарбековтер әулетінің кенжесі бойдақ өмірін аңсап жүргенге ұқсайды, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Ойланып көрерсің": Заңғар Нұртас көшедегі қыздарға көз сала бастаған ба?
Сурет: Exk.kz

Отбасылық өмірге үйренісе алмаған Қайраттың інісі енді көшедегі қыздарға көз сала бастаған.

Әлеуметтік желіде тараған жаңа видеода Заңғар мен Жібек Алматыдағы саябақтардың бірінде серуендеп жүреді. Сол сәтте жуырда үйленген жігіттің өзге аруларға көңілі ауып кетсе керек, бірден эмоциясын жасыра алмаған.

Айналада әдемі қыздар толып жүр екен ғой. Өзім байқамай ерте үйленіп қойдым-ау деймін. Көшеде көзімді ашпай жүрмін,

— деді Заңғар Нұртас.

Заңғардың астарлы әзілін жас келін Жібек те жауапсыз қалдырмады.

Ерте үйленіп қойған жоқсың ба? Мүмкін тағы ойланып көрерсің,

— деді келіншегі.

Жас жұбайлардың әр қадамын қалт жібермейтін желі қолданушылары Заңғардың бұл сөзін бірден талқыға салған.

"Шынымен асығыс үйленгенсің. Әйеліңнің түрі жаман", "Әдемі қыз балаларға дұрыс қарамадың ба", "Заңғар, сенің әйелің неге күлмейді? Позитив жетіспейді", "Байлыққа есіріп жүрсің ғой", "Әйеліңді аяла. Мыжылып, әбіржіп кетіпті. Обал, ол да біреудің қызы", "Заңғар өте жеңілтек екенсің. Мінезің сондай екен. Еркекке ұқсап жүру керек", — деді әлеуметтік желідегі оқырмандар.