Жақында алғаш рет әке атанған әнші Қуандық Рахым сүйіктісі мен қызын перзентханадан шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz, Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі өнер иесі тұңғышын қолына алған сәтін Instagram парақшасына жүктеді.
«Тілекпен кел, жүрекпен кел, Ағайын, Жақсылықты жақын көрсін жат көрсін. Тәңір төгіп шуағы мен арайын, Қызым менің – Қызырлы үйге бақ болсын!» – деген жүрекжарды жазба қалдырды әнші.
Жұбайы Назерке мен сәбиін алып шығуға Қуандық Рахымның отбасы мен ет жақындары келді. Оның қуанышын өнер адамдары мен оқырмандары бөлісті.