Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

"Юмористер — маймыл": Ахметбек Нұрсила елдегі "жұлдыздарды" мазақ етті

Кезінде әртістерді келеке қылған Ахметбек Нұрсила қайтадан елдің аузында. Бұл жолы атышулы кәсіпкер әзілкештер мен спортшыларды мазақ еткен, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Юмористер — маймыл": Ахметбек Нұрсила елдегі "жұлдыздарды" мазақ етті

Ахметбек Нұрсила шу тудырған жазбасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Кәсіпкердің Instagram-ға салған жазбасы бірден елдің қызу талқысына түскен. Өйткені ол спорттағы қыз-жігіттер мен өнердегі мамандарға жағымсыз айдар тағыпты.

"Мен қазақ қоғамының әншілерді — шегіртке, боксер, ережесіз жекпе-жекке шығатындарды — қораз, шоумен, юмористерді — маймыл образымен байланыстырып, ассоциация жасап тастағанын қалаймын. Сол кезде бала әнші боламын десе, "шегіртке" боласың ба дейтіндей, боксер боламын десе "қораз" сияқты ел алдына шығып төбелеспексің бе, юморист боламын десе, онда "маймыл" болғаның ғой деп айтқызғым келеді", — дейді кәсіпкер.

Ахметбек Нұрсила мұндай қадамға баруының себебін толық түсіндіріп, мақсатын да анық жазыпты.

Сонда ғана осы мамандықтардың осылай деңгейін түсіріп тастасақ, қазақ балалары ғылым-біліммен, өндіріспен, ауыл шаруашылығымен айналысып, еліміз көркейе түсер еді. Осыған барша саналы қазақ үлес қосса деймін. Келісесіздер ме?

— дейді Ахметбек Нұрсила.

Атышулы кәсіпкердің бұл даулы жазбасынан кейін желідегі жұрттың пікірі екіге бөлінді. Бірі Ахметбектің айтқанымен келіспейтінін жазса, екінші тарап оның ұсынысын толықтай қолдаған.

"Жақсы әдіс екен. Қолдануымыз керек", "Осы ұсыныспен келісемін", "Біраз қатты айтылған енді", "Спорт туралы айтқаныңызға келіспеймін. Басқасы дұрыс шығар", "Сонда өзіңіз кімсіз? Өтірік бизнесмен, өтірік олигархсыз ба?", "Спорт та мәдениеттің бір бөлігі ғой. Ал әншілерге қатысты ойыңызға келісемін", "Қазақ елін әнмен тербеткен Димаш — шегіртке, әлемге танымал болған Данияр Елеусінов — қораз ба сонда?", "Ахметбек аға, жарайсыз! Мұны айту үшін үлкен батылдық керек. Сіз батырсыз", — деп жазды желі қолданушылары. 

instagram