Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

"19 жігіттен хат келген": Гүлзира Айдарбекова балалық шақта талай жігіттің арманы болғанын айтты

Әдетте дау-жанжалдың қақ ортасында жүретін Қайрат Нұртастың анасы бұл жолы бала кездегі ғашығы жайлы әңгіме қозғаған.

Атышуы продюсердің айтуынша, ол оқушы кезінде талай жігіттің арманына айналған екен, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"19 жігіттен хат келген": Гүлзира Айдарбекова балалық шақта талай жігіттің арманы болғанын айтты

Гүлзира Айдарбекованың балалақ шағы Түркістан облысы, Кентау қаласының Шорнақ ауылында өткен. Аталған елдімекенде білім алған ол кезекті сұхбатында алғашқы махаббатын есіне алды.

"Мектеп табалдырығында кімнің де болсын балалақ шағы бар, алғашқы махаббаты бар. Ол кездегі біздің махаббат — жігіттер хат жазып, "бешірге" барған кезде махаббат көзбен қарап, гитарамен ән айтатын. Шығарып салса мәз болып, билеген кезде қолымыз қалтырап, бізде сондай сезім болды ғой. Сегізінші сыныпты бітіріп, тоғызыншы сыныпқа барған кезде маған 19 жігіттен хат келген. Оның ішінде кіші сыныптың ұлдары бар, үлкен жігіттер бар. Қыздардың бәрі соған таңғалатын", — дейді Қайрат Нұртастың анасы.

Айдарбекова мен оның ең алғаш жүрегін жаулаған жігіт жайлы продюсердің құрбысы да баяндап берді.

"Гүлзира адал махаббаттың символы болды. 6-7 сыныптан бастап көрші мектептің балаларымен қыз-жігіт ретінде дос бола бастадық. Сөйтіп Гүлзира алғашқы махаббатын көрші мектептен тапты. Мектептің мұғалімдері оған қарсылық танытса да, ол оған қарсы тұра білді. Кейін 9-10 сыныпта оқып жүрген кезде мектептегі ағайлар: "бұлар Қозы Көрпеш-Баян Сұлудай нағыз махаббат иелері. Оларға тиіспеңдер" деп айтатын", — дейді Әлия есімді сыныптасы.

Құрбысының дәл осы сөзінен кейін Айдарбекова бар сырын ақтарды. Оның алғашқы махаббатымен арадағы қарым-қатынасы баянсыз аяқталған. Өйткені сүйіктісін әскерге шығарып салған Гүлзира кейін тұрмысқа шығып кеткен көрінеді.

"Біздің кезде мектептегі қыздар өзінен үлкен жігіттерін әскерге шығарып салатын. Мен тұрмысқа шыққан кезде бәрі таңғалды да. Қалайша, мүмкін емес ол деген сияқты. Тіпті, сол кезде жастар арасында сенімдіздік пайда болыпты. "Гүлзира күтпегенде, сен жігітіңді күтейін деп тұрсың ба?" деген сияқты. Өйткені біз ауылдағы жастарға үлгі беретін жұп болдық", — дейді Айдарбекова бала махаббаты жайлы "Ең алғашқы" бағдарламасында.

«Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Біреудің әйелін тартып алған жоқпын»: Олжас Абай ел арасында тараған әңгімеге нүкте қойды «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім»: актер Қуандық Қыстықбаев әкесінің анасынан 34 жас үлкен болғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты «Қайғырып, мұңайып...»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен той алдында ұрысып қалғанын айтты Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті Баян Алагөзованың бес жыл бұрын көрген түсі дәл келген: Айгүл Иманбаева қызықты оқиғасын бөлісті «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Әйелді жұма сайын ұрып тұру керек»: Айгүл Иманбаева көпшілікке үндеу жасады «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Басымнан талай жағдай өтті»: Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтар туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Барлық өзгеріске дайынмын»: Дариға Бадықова өміріндегі өзгерістер туралы айтты «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Әйел деген – ақшаға толы чемодан»: Әнші Төреғали Төреәлінің әйел туралы жазбасы талқыға түсті «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады «Бір мықты тізімнен сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатқа қатысты мәлімдеме жасады