Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

"Көбісінің көзіне шөп салған": Рано Омарова қоғамдағы өзекті мәселені талқылады

Отандық танымал әнші әрі актриса Рано Омарова жолдасынан опасыздық көргенін ашық айтты. Оның сөзінше, мұндай қадамға отбасы мен қарым-қатынасты бағаламайтын адамдар ғана барады, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Көбісінің көзіне шөп салған": Рано Омарова қоғамдағы өзекті мәселені талқылады
Сурет: ашық дереккөз

Рано Омарова Instagram желісінде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жеке өмірі жайлы шындықты айтып қойды.

Өнер иесі күйеуінің өзінің көзіне шөп салғанын растады. Әнші ару мұндай жағдайға әлемдегі ең сұлу әйелдер де тап болып жататынын мысалға келтірді.

"Өкінішке қарай, иә. Ондай жағдай болған. Ол сұлулыққа байланысты емес. Мен сұлу әрі өз-өзін қамтамасыз ете алады-ау деп білетін қыздардың көбісінің көзіне шөп салған. Бұл жерде мәселе өзіне не керегін білмейтін, қандай да комплекстері бар, отбасын немесе қарым-қатынасты бағалай алмайтын адамда деп ойлаймын. Ол мәселені шешудің орнына "сыртқа" барады. Тіпті, Бейонсенің көзіне шөп салады. Джей Зи, саған не болды? Ал Сианна Миллерге күйеуі бала күтушімен опасыздық жасаған", - деп жауап берді актриса.