Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

"Бос уақытым көп": Тұрсын Алагөзов ел қатарлы өмір сүретінін айтты

Белгілі продюссер Баян Мақсатқызының күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов сүйіктісіне қол жеткізу үшін барлығынан бас тартқан, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Бос уақытым көп":  Тұрсын Алагөзов ел қатарлы өмір сүретінін айтты

Ол бұл туралы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.

Өмір — ақылға қонатын немесе қонбайтын шешімдер деп бөлінбейді. Мен ол адамды жақсы көріп қалдым. Ештеңе істей алмадым. Сүйіктім үшін барлығынан бас тарттым. Баянсыз өмір сүре алмайтынымды түсіндім,

— дейді Тұрсын Алагөзов.

Ол қазір бұрынғыдай байлығы жоқ екенін, қазір ел қатарлы өмір сүріп жатқанын айтты.

Ешқандай дүние-мүліктің жоқтығы да оңай екен. Осы күні ешкім алдынан жүгіріп шығып есік ашпайды. Бірақ одан өмірім жаман болып кеткен жоқ. Таңертең жүгіріп спортпен айналысамын. Бос уақытым көп,

— дейді кәсіпкер.

Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызы алты жылдан бері бірге тұрады.

Бұған дейін Баян Мақсатқызының "Бұрынғы күйеуім бостандыққа шығып, үйленгенін қалаймын" деп айтқанын жазғанбыз.